Skip to content
Сіз мұндасыз: Басты
Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу, Орхус, Дания. 1998
 
 "Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы БҰҰ ЕЭК Конвенциясы -Орхус конвенциясы осы саладағы халықаралық құқықты дамыту жолында үлкен қадам болып табылады. Көптеген мемлекеттердің Конвенцияға қол қойып, өздеріне оның тез арада күшіне енуін емүмкін болатынның барлығын жасауды міндет етіп алғандарын жоғары бағалаймын."
Кофи Аннан

 Біздің міндет

Қазіргі және болашақ ұрпақтың, оның денсаулығы мен ауқатына қолайлы қоршаған ортада өмір сүруге, Конвенция ережелеріне сәйкес ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізуге құқықтарының қорғалуына көмектесу.

 

 
Жаналыктар
Ауыл шаруашылық өндірісі қалдықтарына төлем жүргізу туралы ақпарат. ҚР Қоршағанортаминінің баспасөз қызметі. Толығырақ...

2012 жылғы 1-5 мамыр аралығында Беларусь Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі өкілдерінің Қазақстан Републикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне сапары жоспарланған. Оқу сапарының мақсаты Орхус конвенциясының орындалуын жетекшілік ететін Беларусь Республикасы ҚОҚМ және ҚР ҚОҚМ арасында тығыз серіктестік қатынастарды орнату, Астана және Қарағанды қалаларының Орхус орталықтарының қызметімен танысу, семинар-тренингке қатысу. 

2012 жылдың 3 мамырында «ГРК МЛД» ЖШК «Карчигин» кен орнында тау-кен байыту комбинатының құрылысына қоршаған ортаға әсер етуді бағалау материалдары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізуді жоспарлап отыр. Тыңдаулар мына мекен-жай бойынша өткізіледі: Күршім ауданы Ақбұлақ ауылдық әкімдігі ғимаратында өтеді, басталуы 10:00.

«Орсу Металс, Қазақстан» ЖШС қоршаған ортаға әсер етуді бағалаудың материалдарын талқылау бойынша қоғамдық тыңдау өткізуді жоспарлады. Қазақстан Республикасының табиғатты пайдалану заңнамасына сәйкес «Орсу Металс, Қазақстан» ЖШС «ШҚО Қоғодай алаңында мыс және қосымша металдарды барлау бойынша іздестіру жұмысының жобасына қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ)» материалдарын барлық мүдделі тараптарға қарастыру үшін ұсынады. 
Тыңдаулар 2012 жылдың 25 сәуірінде сағат 10:00 келесі мекен-жай бойынша өтеді: Маралды ауылдық аймағы, Ауыл клубы. Барлық мүдделі тараптар ҚОӘБ материалдарымен келесі мекен-жай бойынша таныса алады: Алматы қаласы, Байганин көшесі, 28, пәтер 4, Маралды а/а, Маралды ауылы, Ш.Уәлиханов көшесі. Материалдардың электронды нұсқасын келесі телефондар арқылы сұратуға болады: + 7 727 375 39 96; +7 727 375 86 63.

Құрметті әріптестер!
Орталық Азиядағы ЮСАИД елшілігі өтінішімен Сіздерді жаңа гранттық бағдарлама туралы хабардар етеміз: http://www.grants.gov/search/search.do;jsessionid=BhNtP82hJ8nLrTFy3WQDwL6zTLV6VmHG4hmhDDF96GYwQny9v378!1471941753?oppId=161473&mode=VIEW

2012 ж. 12-13 сәуірі аралығында Астана қаласында ЕврАзЭС Интеграциялық комитеті жанындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы Кеңестің 1-ші отырысы өтеді. Отырыс шеңберінде ЕврАзЭС Интеграциялық комитеті жанындағы ҚОҚ саласындағы Кеңес Регламентінің жобасы қаралады. Іс- шара 12 сәуір күні, сағат 9:30, «Rixos» қонақ үйінде басталады.

5 сәуір күні сағат 16.00 BNews.kz (www.bnews.kz) порталында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Каппаровпен «Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты: қазіргі жағдай және болашақ перспектива» атты Интернет-конференция өтті.

Құрметті әріптестер! мына сілтемемен өтім сіздер «Қоғамдық тыңдаулар өткізу Ережесін бекіту туралы ҚР қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 135-п бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасымен таныс бола аласыз: http://aarhus.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=51&Itemid=62.

Табиғат пайдаланушылар назарына! 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда парниктік газдар шығарындыларды сату (ішкі көміртекті нарық) нобайлары енгізілетін болады. Толығырақ...

«Жойылуы қиын органикалық ластауыштармен және олар құрамында бар қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің бұйрығы. Бұйрық  Қағида_қаз
http://aarhus.kz/images/files/aef_kaz.png 

2012 жылғы 22-24 мамырда Астанада жаһандық өзгерістер жағдайында әлемдік экономиканы дамыту перспективалары және шақыруларына арналған V Астаналық Экономикалық Форумы (АЭФ) өткізіледі. V Астана экономикалық форумының тіркелу жүйесіне қош келдіңіз. Форумға қатысу үшін Сізге тіркеу процедурасынан өтіп, Қатысушының Жеке Қабинетінде қажетті мағлұматтарды толтырып, форум ұйымдастырушысына аккредитацияны расталуын алуыңыз қажет: http://www.aef.kz/ru/registration.php


Шымкент қаласында Орталық Азияда алғаш рет нашар еститін және керең адамдар үшін сайт жасау бойынша жоба басталды. Дереккөз: www.uslishmir.kz

Шығыс Еуропа және Орталық Азия аймағының Гете таындағы институттары үшін «Табиғат және мәдениет» ашық конкурс. Байланыс тұлғасы: Жандыбаева Гулмира, Тел.: +7 777 351 04 44, 

E-mail: Этот e-mail защищен от спам-ботов. Для его просмотра в вашем браузере должна быть включена поддержка Java-script
Дереккөз: http://blog.goethe.de/noviesvjazi/archives/2012/02.html

Қазақстанның Азаматтық Альянсы және АҚШ елшілігі, КИМЭП университетінің колдауымен 14-16 маусымда Алматыда өтетін TFCA 2012 (Орталық Азия Тех Форумы) қатысуға конкурс шариялауды. Дереккөз: http://tfca.kz


Қазақстанның БҰҰДБ «Кока-Кола» компаниясымен бірлесіп, «Судың әр тамшысы маңызды» бағдарламасы шеңберінде грантты қаржыландыруды беруге ашық конкурс жариялайды. Өтінімдер БҰҰДБ аймақтық кеңселерде 2012 жылдың 10 сәуіріне дейін қабылданады: Этот e-mail защищен от спам-ботов. Для его просмотра в вашем браузере должна быть включена поддержка Java-script , тел.: +7 7172 592550, Станислав Ким. Дереккөз: http://www.econavigator.com/


Қазақстан тұрғындарына танымал іс-шара - «Жер Уақыты» акциясы биыл 31 наурызда өтеді. Толығырақ...


«Қазақстанда тұрақты органикалық ластағыштарды жою бойынша заводты құру жоспарлары туралы». Толығырақ...


Құрметті сайт оқырмандары, мұнда Сіз ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Нормативтік-құқықтық актілерлер жобаларымен таныс бола аласыз.

2012 жылдың 14 наурызында Астана қ. Д.Қонае көшесі, 12/1, 201 офис мекен-жайы бойынша «Қазақстанда аффинаж зауыт құрылысының орындылығы» туралы жобаның техникалық-экономикалық негiздемесіне «Қоршаған ортаға әсердің алдын ала бағалау» бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді. Қоғамдық тыңдау қоғамдық қатысушылардың, жергілікті атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың қатысуымен өтті.
Тыңдау баспасөз-релизі
Тыңдауды жүргізу бағдарламасы

Молдова ҮЕҰ қоқыс жандыраты заводтың салыгуын тоқтатты. Дереккөз: http://aif.md/index.php/2012/02/29/kak-moldova-chut-ne-postradala-ot-sekretnogo-oruzhiya/ 
Құрметті сайт оқырмандары!
Келесі сілтемемен өтіп: http://aarhus.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=86 Сіздер Мемлекеттік экологиялық сараптамаға келіп түскен өтінімдермен таныс бола аласыз.

Желбезектер нұршашады. Қырғыз бизнесмендері Ыстықкөлде ГМА-бахтахты көбейтуді игерді
Сүңгіуірлер генетикалық модификацияланған бахтахтың Ыстықкөл суларына түспеуін қадағалауда. Бұл туралы «Ыстықкөл жағалауы» компаниясының директоры мәлімдеді. Дереккөз: http://www.centrasia.ru/newsA.php?st=1330364640


Қазақстанда дауларды шешу маманы мектебі ашылды!
Елімізде ең алғаш рет, жаңа мамандыққа оқыту қазақ тілінде жүргізілгелі отыр!
Кәсіби медиатор мамандығын алу үшін үстіміздегі жылдың 16-шы наурызынан бастап «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ-і Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 шілдедегі №770 қаулысымен бекітілген «Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидасына» сәйкес «Жалпы медиация курсы» (48сағат) және Мамандандырылған медиация курсы» (50 сағат) бастағалы отыр.      Көбірек ақпарат...
Радиациялық медицина және экология ҒЗИ директоры Қазбек Апсаликов Семей ядролық полигонында өткізілген сынаулардың салдарынан радиациялық әсерге ұшыраған Қазақстан тұрғындарын реабилитациялау бойынша Республикалық орталықты құруды ұсынды деп хабарлайды КазТАГ.

Қазақстанда ГМА құрамдас тағамдарды пайдалану бөлігіндегі заңнаманы талқылап жатыр. Депутаттар «Генді-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңына түзетулер мен толықтырулар енгізуді жоспарлауда. Дереккөз: http://www.zakon.kz  
«Биоалуантүрлілікті сақтауға-ерекше назар» мақаласы. Дереккөз: Огни Мангистау-http://ogni.kz/  
 

«100 % Жаңғырмалы энергетика» атты 2-ші Халықаралық Конференция және Көрме (IRENEC 2012) 2012 жылдың 28-30 маусымы аралығында Стамбул қаласында (Түркия) өтеді. Көбірек ақпарат: www.irenec2012.com , www.eurosolar.org.tr.


Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығы келесі лауазымдарға ашық конкурс жариялады:
- Климат өзгеруіне бейімделу бойынша сарапшы;
- Орталық Азияның - Өзбекістан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Қазақстан елдерінде орнықты өндіру, тұтыну және энерготиімділік тәжірибелерін пайдалану саласындағы сарапшы;
- Орталық Азияның - Өзбекістан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Қазақстан елдерінде қайтарымды суды басқару саласындағы сарапшы.


Дания - «жасыл» энергетикамен фокус
Дания өзінің Еуропалық Кеңестегі жартыжылдық президенттігі кезінде «жасыл» энергетика саласына ерекше назар аудармақшы. Дания жел энергиясы және электромобильдерді пайдалануда еуропалық көшбасшы болып отыр. Бұл Данияның 2020 жылға дейін ЕО ұстанымын үдету үшін тастандыларды азайту бойынша өзіне артқан міндеттерін орындау үшін барын салатынына сенім береді. Қазір ЕО парниктік газдардың тастандыларын 1990 жылға қарағанда 20 % азайтуға келісті, алайда Дания 25% табан тіреуде. Дереккөз: http://news.err.ee/society/ecb6cbaf-3521-4bcf-8979-570dcfe8ab87

Мексика жаңғырмалы энергетикаға қарай бет бұра ма
Жеке сектордың ғалымдары мен сарапшылары және азаматтық қоғамның мамандары өткен жұмада Мексикада жаңа IMERE Жаңғырмалы энергетика бойынша Мексикалық бастаманы ұсынды. Бастаманың негізгі мақсаты - қазбалы жанармайға субсидияларды азайтып, жаңғырмалы энергия қайнар көздерін қолдап, дамыту. «IMERE» бастамасы негізгі бес тармақтан тұрып, 2050 жылға қарай жаңғырмалы энергетиканы дамытуда және таза электр энергияны өндіруді арттыруда амбициялы, алайда орындалатын мақсаттарды орнатуды ұсынады. Жоба авторы Мексиканың желдің, күн көзінің, толқынның, геотермальды энергияны және биомасса энергиясын пайдалануда зор мүмкіндіктері бар екенін атап өтуде. Дереккөз: http://www.laht.com/article.asp?ArticleId=470746&CategoryId=14091

2012 жылдың маусым айында Рио-де-Жанейрода (Бразилия) БҰҰ Ғаламдық Орнықты даму бойынша «Рио+20» Конференциясы өтеді. Конференцияның мақсаты: елдердің Орнықты дамудың саяси жолын ұстанатындарын растау, бүгінгі күні қол жеткізілген ілгерілікті және орнықты даму бойынша жоғары деңгейлі кездесулердің шешімдерін орындауда қалатын мәселелерді бағалау, сонымен қатар, жаңа және туындап жатқан мәселелерді қарастыру. Көбірек ақпарат...

Бритиш Каунсл және Қазақстан қағазы компаниясы Алматы қаласында макулатура, әсіресе картом макулатурасын жинау бойынша үздік жобаны анықтау мақсатында сайыс жариялады. Сайыс 18 толған Алматы тұрғындары үшін ашық. Ұсыныстар MS Word программасында, қазақ немесе орыс тілінде, зерттеулер, цифрлар, есептер (егер ондайлар болса) диаграмма, кесте және т.с.с. Электронды түрдегі ұсыныстар: Этот e-mail защищен от спам-ботов. Для его просмотра в вашем браузере должна быть включена поддержка Java-script және Этот e-mail защищен от спам-ботов. Для его просмотра в вашем браузере должна быть включена поддержка Java-script адрестері бойынша қабылданады. Қатысу ережелері осында . Дереккөз: ОФ EcoIDEA


Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің «Қалдықтарды пайдалану және олардың көмелін азайтуды ынталандыру бойынша іс-шаралар тізімі туралы» бұйрығы:
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен IV/9с ШЕШІМІН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАНҒАН ШАРАЛАР ТУРАЛЫ БАЯНДАМА Орхус конвенциясының Хатшылығына (Орхус конвенциясын орындау бойынша Коммисия) жіберілді. Аталған құжатпен келесі сілтеме арқылы танса аласыз.
Қазақстанның Орхус конвенциясы бойынша міндеттерін сақтау туралы IV/9с шешімін орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының экологиялық және азаматтық заңнамасының Орхус конвенциясының талаптарына сәукестігінің зерттеуі жүргізілді, сонымен қатар 2008-2011 жылдар аралығындағы Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу мәселелері бойынша сот шешімдерінің зерттеуі жүргізілді. Барлық мүдделі тұлғалар және ҮЕҰ өз түсініктері мен ұсыныстары Светлана Ковлягинаға Этот e-mail защищен от спам-ботов. Для его просмотра в вашем браузере должна быть включена поддержка Java-script және Диана Мұқановаға Этот e-mail защищен от спам-ботов. Для его просмотра в вашем браузере должна быть включена поддержка Java-script жолдай алады.


 

Сауалдар

Орхус конвенциясы туралы қандай ақпарат көздерінен білдіңіз

Авторизациялау






Парольды ұмыттыңыз ба?
Әлі тіркелген жоқсыз ба? Тіркелу

Сайтта кім бар?

Жаналыктарды экспорты