Skip to content
Сіз мұндасыз: Басты
Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу, Орхус, Дания. 1998
 
 "Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы БҰҰ ЕЭК Конвенциясы -Орхус конвенциясы осы саладағы халықаралық құқықты дамыту жолында үлкен қадам болып табылады. Көптеген мемлекеттердің Конвенцияға қол қойып, өздеріне оның тез арада күшіне енуін емүмкін болатынның барлығын жасауды міндет етіп алғандарын жоғары бағалаймын."
Кофи Аннан

 Біздің міндет

Қазіргі және болашақ ұрпақтың, оның денсаулығы мен ауқатына қолайлы қоршаған ортада өмір сүруге, Конвенция ережелеріне сәйкес ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізуге құқықтарының қорғалуына көмектесу.

 

 
Жаналыктар

2012 жылдың 22-23 ақпаны аралығында Астана қаласында "РИО+20 "Жасыл көпір" Серіктестік Бағдарламасы жобасына -  (ЖЭТҮ) Жасыл экономикаға тәжірибелік үлес" атты дөңгелек үстел өтіп жатыр. "Жасыл көпір" Серіктестік Бағдарламасының және мүдделі тараптардың алғашқы қатардағы жобаларын анықтау үшін ҚР Үкіметі Германия және басқа да серіктестермен бірлесе отырып дөгелек үстел өткізуді жопарлаған. Дөңгелек үстел нәтижелері Жасыл экономикаға өту процесіне практикалық үлес ретінде «РИО +20» орнықты даму бойынша Саммитіне (Бразилия, 2012 ж. 20-22 маусым) ұсынылады.  Баспасөз релизі  


«100 % Жаңғырмалы энергетика» атты 2-ші Халықаралық Конференция және Көрме (IRENEC 2012) 2012 жылдың 28-30 маусымы аралығында Стамбул қаласында (Түркия) өтеді. Көбірек ақпарат: www.irenec2012.com , www.eurosolar.org.tr.


25 ақпан күні «Жасыл құтқару» экологиялық қоғамы «Ашық мектеп» журналы жанындағы ата-аналар клубының шеңберінде «Жасыл объектив» клубының көшпелі отырысын өткізеді.
Кездесу тақырыбы: «Қолдан жасалған видео». «Ұлттық парктегі төтенше жағдай» фильмі (2011 ж. 5 мин., орындаған: «Жасыл құтқару» экологиялық қоғамы). Өткізу орны: С. Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы (Төле би көшесі, 27, басталуы 10:00). Дереккөз: «Зеленый объектив»:  http://www.greensalvation.org/index.php?page=KinoKlub


2012 жылдың маусым айында Рио-де-Жанейрода (Бразилия) БҰҰ Ғаламдық Орнықты даму бойынша «Рио+20» Конференциясы өтеді. Конференцияның мақсаты: елдердің Орнықты дамудың саяси жолын ұстанатындарын растау, бүгінгі күні қол жеткізілген ілгерілікті және орнықты даму бойынша жоғары деңгейлі кездесулердің шешімдерін орындауда қалатын мәселелерді бағалау, сонымен қатар, жаңа және туындап жатқан мәселелерді қарастыру. Көбірек ақпарат...
2012 жылдың 15 ақпаны күні, сағат 15:00, Астана қаласында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Каппаровтың үкіметтік емес ұйымдармен кездесуі өтті. Кездесуде шұғыл шешімді қажет ететін  аймақтың экологиялық мәселелер, қоғамның халықаралық, ұлттық және жергілікті деңгейде экологиялық саясатты іске асыруға қатысуын арттыру мәселелері қаралды.  Көбірек ақпарат...   

2012 жылдың 22-23 ақпанында Астана қаласында "РИО+20 "Жасыл көпір" Серіктестік Бағдарламасы жобасына -  (ЖЭТҮ) Жасыл экономикаға тәжірибелік үлес" атты дөңгелек үстел болып өтеді. Конференцияның мақсаты: елдердің Орнықты дамудың саяси жолын ұстанатындарын растау, бүгінгі күні қол жеткізілген ілгерілікті және орнықты даму бойынша жоғары деңгейлі кездесулердің шешімдерін орындауда қалатын мәселелерді бағалау, сонымен қатар, жаңа және туындап жатқан мәселелерді қарастыру. БҰҰ Ғаламдық Орнықты даму бойынша «Рио+20» Конференциясы бойынша қосымша ақпарат алу үшін «БИОМ» Экологиялық Қозғалысына келесі номерлер арқылы хабарласа аласыз: + 996 312 614501, Этот e-mail защищен от спам-ботов. Для его просмотра в вашем браузере должна быть включена поддержка Java-script , web: www.biom.kg. Дереккөз: http://www.cayen.org


Бритиш Каунсл және Қазақстан қағазы компаниясы Алматы қаласында макулатура, әсіресе картом макулатурасын жинау бойынша үздік жобаны анықтау мақсатында сайыс жариялады. Сайыс 18 толған Алматы тұрғындары үшін ашық. Ұсыныстар MS Word программасында, қазақ немесе орыс тілінде, зерттеулер, цифрлар, есептер (егер ондайлар болса) диаграмма, кесте және т.с.с. Электронды түрдегі ұсыныстар: Этот e-mail защищен от спам-ботов. Для его просмотра в вашем браузере должна быть включена поддержка Java-script және Этот e-mail защищен от спам-ботов. Для его просмотра в вашем браузере должна быть включена поддержка Java-script адрестері бойынша қабылданады. Қатысу ережелері осында . Дереккөз: ОФ EcoIDEA


Қорықтық соқпақтармен. Ұлттық парктерге арналған экологиялық турнир 7 ақпан күні Алматы қаласы, Оқушылар сарайында өтті. «Қорықтық соқпақтармен» атты топтық экологиялық турнир экологиялық білімді арттыру, қоршаған ортаға деген ұқыпты қарым-қытынасты тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Турнирға 4 топ қатысты: №4, 35, 56 және   «Бөбек» өзін-өзі тану гимназиясының 8 сынып оқушылары қатысты. Әр топ 10 құралды, атаулары, ұрандары және эмблемалары болды. Байланыс: Ударцева Елена Рустемовна, тел. 264-34-55. Дереккөз: «Зеленое спасение» Эологиялық қоғамы www.greensalvation.org   

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің «Қалдықтарды пайдалану және олардың көмелін азайтуды ынталандыру бойынша іс-шаралар тізімі туралы» бұйрығы:

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚР Пермьер-министрі Кәрім Мәсімов 2012 ж. 16 қаңтардағы «2012 жылы балық шаруашылығы суқоймаларында балық және басқа да су жанурларын аулаудың лимитттері туралы» № 67 Үкімен жарлығына қол қойды. Дереккөз: КАЗИНФОРМ


Ресейлік ұлттық жоғарғы сынып оқушыларының су жобалары сайысы - 2012. 2011 ж. 17-21 сәуір аралығында Мәскеу қаласында Ресейлік ұлттық жоғарғы сынып оқушыларының су жобалары сайысы - 2011 іс-шарасының финалы болып өтті. Крнкурсты өткізген 10 жыл аралығында  оған Ресейдің 80 аймағынан 13743 жоғарғы сынып оқушылары қатысып, 8653 жоба ұсынылды. Байланыс: Тел/факс (499) 245-68-33, тел. (495) 589-65-22, (903) 144-30-19. E-mail: Этот e-mail защищен от спам-ботов. Для его просмотра в вашем браузере должна быть включена поддержка Java-script , Этот e-mail защищен от спам-ботов. Для его просмотра в вашем браузере должна быть включена поддержка Java-script . Дереккөз: www.eco-project.org  
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен IV/9с ШЕШІМІН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАНҒАН ШАРАЛАР ТУРАЛЫ БАЯНДАМА Орхус конвенциясының Хатшылығына (Орхус конвенциясын орындау бойынша Коммисия) жіберілді. Аталған құжатпен келесі сілтеме арқылы танса аласыз.

Орталық Азия мемлекеттері климаттық қолайлы экономика құру жолында алғанқы қадамдар жасауда. «Орталық Азия мемлекеттерінде климаттық қолайлы экономиканы дамытуға ықпалданған әдіс»  атты жаңа жоба басталды. Жобаның негізгі мақсаты Орталық Азия мемлекеттеріне Парниктік газдарды тастау қарқынын басуға бағытталған кешенді салалық іс-шараларды құруда көмектесу. Дереккөз: www.ekois.net


2012 жылы Оңтүстік Кореяның негізгі онүш энергетикалық компаниясы өндірілетін электр қуатының жалпы балансында жаңғырмалы энергия үлесін ұлғайтуды міндет етті. Бұл туралы Келісім компаниялар мен үкімен арасында жасалды. Аталған келісім Оңтүстік Корея үкіметіне парниктік газдардың тасталуын азайту бойынша қойылған мақсаттарына жетуге көмектеседі. 2012 жылы жаңғырмалы энергия көздері өндірілетін жалпы энергияның 2% құрауы тиіс. 2022 жылға қарай бұл көрсеткішті 10% дейін арттыру жоспарланған.

Тыңдауларға қатысуға шақырамыз!
Құрметті азаматтық қоғам өкілдері! Орталық Азиядағы қызметінің 20-жылдығы аясында АҚШ халықаралық даму бойынша (USAID) агенттігі аймақтағы азаматтық қоғамның жетістіктері мен мұқтаждықтарын зерттеуде қатысуға шақырады. Аталған сауалнама анонимді, құпия өткізіліп, тек қана USAID демократияны дамыту аймақтық бөлімнің ішкі ақпараты ретінде қолданылады. 
In English: http://www.surveymonkey.com/s/7D8X7D2
По-русски: http://www.surveymonkey.com/s/JXYHBDF
Қазақша: http://www.surveymonkey.com/s/BBR67VQ


Фукусима тұрғындары Германияда альтернативті энергияны қалай дамытатынын көрді. Япониядағы Дай-ичи Фукусима АЭС апатының салдарынан радиация әсеріне душар болған Фукусима тұрғындарының бір тобы Германияға сапар шекті. Сапар барысында олар жаңғырмалы энергия көздерін жергілікті қоғамдар дамуының негізгі факторы етуді қалай жүзеге асыруға болатынын білді. Көбірек ақпарат...


2011 жылдың қараша айында Мәскеуде өткен «Климат өзгеруіне бейімделу мәселелері» атты халықаралық ғылыми конференция презентациялары: http://www.pacc2011.ru/ru/itogi-paik.htm


Қазақстанның Орхус конвенциясы бойынша міндеттерін сақтау туралы IV/9с шешімін орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының экологиялық және азаматтық заңнамасының Орхус конвенциясының талаптарына сәукестігінің зерттеуі жүргізілді, сонымен қатар 2008-2011 жылдар аралығындағы Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу мәселелері бойынша сот шешімдерінің зерттеуі жүргізілді. Барлық мүдделі тұлғалар және ҮЕҰ өз түсініктері мен ұсыныстары Светлана Ковлягинаға Этот e-mail защищен от спам-ботов. Для его просмотра в вашем браузере должна быть включена поддержка Java-script және Диана Мұқановаға Этот e-mail защищен от спам-ботов. Для его просмотра в вашем браузере должна быть включена поддержка Java-script жолдай алады.

Назар аударыңыз!!!

Заңды немесе жеке тұлғалардың эколого-санитарлық нормаларын бұзу туралы мәселелер бойынша арыз және үндеулерді қабылдайтын «сенім телефоны» желісі ашылды. Сенім телефонының нөмірі: 329-60-99. Бүкіл алматылықтарды бізбен аталған нөмір арқылы байланысуға шақырамыз! Тек қана бірлесе отырып біз, еліміздің жарқын БОЛАШАҒЫН құра аламыз!!!


Астана-2011: Суды үнемдеңіз, «жасыл» дамуға көмектесіңіз «Европа үшін қоршаған орта» Жетінші министрлер конференциясы 21-23 қыркүйек аралығында,  Астана қаласы, Тәуелсіздік сарайында өтті. Аталмыш конференция БҰҰ ЕЭК аймағының қоршаған орта саласындағы негізгі тұлғалар мен ұйымдар қатысқан маңызды саяси оқиға болды. Конференция қорытындысы бойынша Қазақстандық бастама - "Жасыл көпір" Серіктестік Бағдарламасына қолдау көрсетілген Министрлік декларация қабылданды.
"Жасыл көпір" Қазақстандық бастаманы, «Жасыл өсім» тұжырымдамасын, Азия-Тұнық мұхит аймағаның орнықты дамуын жүзеге асырудың  іс-шаралар жоспарын, 20112015 жж. АТМА аймағындағы қоршаған орта және даму бойынша министрлер декларациясын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК негізінде «Жасыл көпір» кеңсесі құрылды.   

 

Сауалдар

Орхус конвенциясы туралы қандай ақпарат көздерінен білдіңіз

Авторизациялау






Парольды ұмыттыңыз ба?
Әлі тіркелген жоқсыз ба? Тіркелу

Сайтта кім бар?

Жаналыктарды экспорты